Басты жаңалық

Мая тайпасының ұрпағы қазақ еліне келуге ниетті

Мая тайпасының ұрпағы қазақ еліне келуге ниетті

Елімізде бұл мемлекеттің елшілігі әзірге ашылмаса да, мексикалықтар өздеріне таңсық елді көруге ынталы. Бұл туралы 24.kz жазады.

Мая тайпасының ұрпағы қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпымен танысып, асқар таулары мен дархан даласын көруге асық. Халық саны бойынша әлемде 11 орында тұрған Мексика экономикалық күрделі мәселелерге тап болып отыр. Дегенмен, оларға табиғаттың берген сыйы көп: Кариб теңізінің көгілдір суы мен жағалауындағы аппақ құм, тропикалық джунгли, көне өркениеттің қалдырған ежелгі ескерткіштері мен мая пирамидалары. Содан болар Мексикаға туристер ағылып келуде. Ал өздері таңсық болып көрінетін Қазақстанды көруге ынтазар.