Мәдениет

«Рухымды көтерген асқақ әнім, Астана десе, әркез шаттанамын»

«Рухымды көтерген асқақ әнім, Астана десе, әркез шаттанамын»

Облыстық «Aq jol» газеті мен облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бірлесе қолға алған «Арқа төсіндегі арман қала» атты газет айтыстың бастау алғанына үш айға жуық уақыт болды. Бүгін екінші жұптың сөз сайысы қорытындыланады. Сарысулық Алик Бекмұсаев пен тараздық Райхан Алмасбекқызы оқырман жүрегінен орын тапты деген үміттеміз. Газетіміздің 3 сәуір күнгі санында Алик соңғы рет кезек алып, өз ойын қорытындыласа, енді Райханның жыры түйінделіп отыр. Алдағы сандардың бірінде кезек соңғы, яғни үшінші жұпқа тиеді. Жанарынан жалын атқан жас перілер Нұрлыбек Құрманов пен Қанат Мырзахан әдемі айтыс жасап, көпшілік көңілінен шығады деген сенім басым. Ендеше, ақындарымызға сәттілік серік болсын! Райхан АЛМАСБЕКҚЫЗЫ(Алик Бекмұсаевқа жауап)