Мәдениет

Кесеқап

Кесеқап

Cуреттегі кесеқап – облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы құнды этнографиялық бұйымдардың бірі әрі ерекшесі. Бұл ХХ ғасырға жатады. Сақталуы: тұтқасы жоғалған, мата қабатының жоғарғы жағы бұзылған. Өлшемдері: диаметрі – 19 см, биіктігі – 29 см, салмағы – 500 г. Пішіні – цилиндрлік, ішкі бөлігі – киізден, сыртқы жағы қара барқыттан жасалған. Оюы үш бөліктен тұрады: орталық бөлігіндегі гүлдер мен бұталар кескіні көк, сары, қызыл және ашық-қоңыр түсті, жібек жіптерімен дөңгелек тігістері бейнеленген. Төменгі және жоғарғы сегменттер гүлді оюмен безендірілген. Жоғарғы және төменгі жиектер қызыл және қара түсті матамен қапталған.