Мәдениет

Қапсырма

Қапсырма

Қапсырма – қамзол, кеудеше тәрізді әйелдердің сыртқы киімінің екі өңірін бір-біріне қаусырып тұратын ою-өрнекті әшекей. Көбіне күмістен жасалады. Музей қорындағы бұл бұйым ХІХ-ХVІІІ ғасырларға тиесілі. Сопақ пішінді металдан жасалған, шеттері иректелген әшекейді қазақ қыз-келіншектері қамзолға таққан. Бұл бұйымды халқымыз ауру-сырқаудан сақтайды деп сенген. Музей қызметкері суреттегі қапсырманы Көкбастау ауылының тұрғынынан қорды толықтыру мақсатында алған.