- Advertisement -

«Форбс Қазақстан» журналы бас редакторының орынбасары ұсталды

142

- Advertisement -

Алматыда ratel.kz сараптамалық порталы мен forbes.kz сайтының редакциясында тінту жұмыстары жүріп жатыр.

Бұл ақпаратты facebook.com әлеуметтік желісінде ratel.kz сайты авторларының бірі Вадим БОРЕЙКО хабарлады. Біз қос басылымның басшылары Арманжан БАЙТАСОВ пен Марат АСИПОВҚА хабарласқанымызбен тілдесе алмадық. Естеріңізге сала кетейік,  30-наурыз күні Медеу аудандық сотының шешімімен Ratel.kz и Balborsyk.kz домендері бұғатталған еді. Бұл прокурор Құсайыновтың сұрауы бойынша қабылданған болатын. Ratel.kz басшылығы facebook.com парақшасында  2 сәуір күні судья Гүлмира БЕЙСЕНОВАНЫҢ шешіміне шағым түсіретіндерін жазған болатын.

-«Форбс Қазақстан» журналы бас редакторының орынбасары Александр ВОРОТИЛОВ ұсталды. Ратель редакциясынан құжаттар мен компютерлер тәркіленді. Естеріңізге сала кетейік, Ратель мен Форбсқа Зейнолла КӘКІМЖАНОВ шағым түсірген болатын. Жуырда Воротиловтың Зейнолла жайлы мақаласы ағылшын тіліне аударылып Рательде жарияланған еді. Бәлкім, тінтуге осы себеп болды. Я болмаса Форбстың Рательдің бұғатталғанын жазуы да себеп болуы мүмкін, — деп жазды Вадим Борейко өз парақшасында.

Дереккөз: zhasalash.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support