«Форбс Қазақстан» журналы бас редакторының орынбасары ұсталды
«Форбс Қазақстан» журналы бас редакторының орынбасары ұсталды
Алматыда ratel.kz сараптамалық порталы мен forbes.kz сайтының редакциясында тінту жұмыстары жүріп жатыр.
Бұл ақпаратты facebook.com әлеуметтік желісінде ratel.kz сайты авторларының бірі Вадим БОРЕЙКО хабарлады. Біз қос басылымның басшылары Арманжан БАЙТАСОВ пен Марат АСИПОВҚА хабарласқанымызбен тілдесе алмадық. Естеріңізге сала кетейік, 30-наурыз күні Медеу аудандық сотының шешімімен Ratel.kz и Balborsyk.kz домендері бұғатталған еді. Бұл прокурор Құсайыновтың сұрауы бойынша қабылданған болатын. Ratel.kz басшылығы facebook.com парақшасында 2 сәуір күні судья Гүлмира БЕЙСЕНОВАНЫҢ шешіміне шағым түсіретіндерін жазған болатын.
Дереккөз: