- Advertisement -

Қазақстанның барлық жолаушылар пойыздарына Wi-Fi қосылады

116

- Advertisement -

 Еліміздегі барлық пойыздарға Wi-Fi орнату жоспарлануда. Бүгінгі таңда бұл жүйе Тұлпар-Тальгоның үш пойызына орнатылған. Ал қалған бағыттардағы пойыздарға 2020-2022 жылдары жаңа технологияның аясында ензіледі екен. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.

«Бүгінгі таңда Wi-Fi спутниктік технология арқылы Астана-Алматы және Алматы-Петропавл бағыты бойынша «Тұлпар-Тальго» темір жол көлігінің үш пойызына орнатылды. Басқа жолдарда Wi-Fi желісі 2020-2022 жылдары LTE жаңа технологиясының  аясында енгізу жоспарлануда», – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқармасының мүшесі Алмас Айтбаев.

Ол сондай-ақ қажетті жабдықты орнату мәселелеріне тоқталды.

«Бұл жүйені ҚТЖ-ның жоспарына барлық теміржол желісі бойынша енгізуге болады. Сол кезде бүкіл пойыздарға Wi-Fi орнаталады», – деді Алмас Айтбаев.

 

Дереккөзі:stan.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support