Әдебиет

Адам ата ұрпақтарына

Адам ата ұрпақтарына

Адамдар, бауырларым-ау, айналайындарым! Құлпыршы қызғалдақтарым, жайна қайыңдарым. Бітті енді, ақ тілектерімнің байламайын бағын. Қажеттеріңді қамдайын, айтыңдар маған, Жерден таба алмасам, Айға қаңғырайын!

Алаулап шықпай-ақ қойсын албарыма гүлдер, Алғысыңды алсам жетермін арманыма бірден. Кінәмді білем, қисапсыз сыр алдырып ем, Жазғырмаңдаршы тек қана, жалбарынамын мен!

Сандалып, сайтан азғырып, сан адасқанмын мен, Араша түсіп, қиналсаң, араласқаным кем. Кешіріңдерші, санамай шешімімді ерсі, Қоямын енді жүргенді қара бас қамыммен.

Ерке едім, еркек боламын тәнті етер елді. Бүгіннен бастап түзеймін бар қателерді. Мазаны ап болған шығармын мазасыз оймен Азамат болам деп Аллаға ант етем енді!

Өз қызықтарым өзіме өте де ұнаған, Жалған боп шыққан жұртыма екенім адал. Қиналмай қане, бауырлар, жүгіңді әкел, Көлгірсімей-ақ қол қусырып көтеріп алам.

10Серік Қалиев.