Экономика

Алты спорт нысаны ашылады

Алты спорт нысаны ашылады

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов өңірге жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелерімен кездесті. Басқосуда депутаттарға өңірдің әлеуметтік саласында атқарылатын жұмыстары таныстырылды.

Негізінен облыс бюджетінің ауқымды бөлігі білім беру саласына жұмсалып келеді. Биыл бұл мақсатқа 102,7 миллиард теңге бөлінген. Сондай-ақ өңірде 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші 90,2 пайызды құрайды. Аудандарда мектепке дейінгі тәрбие берумен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытып, жеке бизнесті тарту қолға алынған. Тараз қаласында ІТ мектеп-лицей ашу көзделіп отыр. Облыс тұрғындарын тұрақты түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға ынталандыру бағытында да жүйелі жұмыстар атқарылуда. Биыл қазына қаржысы есебінен 6 спорт нысанының құрылысы аяқталып, қолданысқа беріледі. Одан бөлек, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша «Шу қаласында орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде сервистік қызмет көрсету» жобасы іске асырылуда. Өз кезегінде халық қалаулылары облыс әкіміне нақты ұсыныстарын жеткізіп, аймақтардағы әлеуметтік нысандарды қамту көрсеткішін ілгері етуді сала мамандарына демеушілік жасау бағытындағы жұмыстарға қолдау білдіруді сұрады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі