Әдебиет

Қазақстан

Қазақстан

Қазақстан, кең байтақ, нұрлы Отаным! Өзіңе жүрегіммен үн қатамын. Жанымда, қанымдағы махаббатты Мен әлі жер-жаһанға тыңдатамын! Ұрпағы ұлы жұрттың, Сақ бабаның Мен көрдім бүгін алға аттағанын. Көк туым Ақ Ордадан желбіресе, Көк дауыл кеуде кернеп, мақтанамын. Жаратқан қазағымды мәрт жаратқан. Жандарын таза ұстаған ақ парақтан. Астанам - арман қалам, ару қалам Ғаламды дидарына жалт қаратқан. Қазақпын тілімменен, ділімменен, Пайғамбар алып келген дінімменен. Елім менің біледі, белім менің Алладан басқа алдында бүгілмеген!

10Серік Қалиев.