- Advertisement -

Тана

198

- Advertisement -

Қазақ халқының талғампаз шеберлері әшекей бұйымдардың көптеген үлгілерін келістіріп жасаған. Қолөнершілердің кереметтігі сол, кез келген бұйымды, әшекейді жасауда, оның қолданылуына үлкен мән берген, халықтың салт-дәстүріне, менталитетіне сүйенген. Мәселен, әшекей бұйымдар сәндік үшін тағылса, оны жасына, тұрмыстық жағдайына байланысты бөлген.

Дәстүрлі киімдерге тағылатын әшекейлердің бірі – тана. Музей қорында сақтаулы тұрған бұл бұйым ХVІІІ-ХІХ ғасырларға жатқызылады. 1990 жылы музей қорына «Жасөркен-2» кеңшарының тұрғыны тапсырған. Бұл тана оған анасынан қалған екен.
Шеңбер тәрізді, күмістен жасалған әшекейдің шеті айналдыра өрме және шексіздік өрнектерімен бейнеленген. Ортасы ақық таспен безендірілген. Артқы бөлігінде киімге жалғанатын ілмегі бар. Тананы қамзолға тігіп қоятын болған.
Қазақ халқы қызға құда түсіп келгенде сырға салып, тана таққан. Қыздың айттырылып қойғанын келген жұрт әшекейіне қарап аңғаратын болған. Осындай мақсатта тағылатын таналардың бірнеше түрі музейде сақтаулы. Әдеп пен ибаға тәрбиелейтін, дәстүрге бай халқымыздың даналығын дәріптейтін этнографиялық жәдігерлер музей қорының құндылығын арттыра түспек.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support