Бүгін Астанада «Жас Отан» жастар қанатының кезекті IV съезі ашылады
Бүгін Астанада «Жас Отан» жастар қанатының кезекті IV съезі ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Жас Отан» жастар қанатының кезекті IV съезі ашылады. Оған еліміз бойынша 1500-ге жуық делегат қатыспақ, деп хабарлайды Хабар 24.
Съездің басты мақсаты - «Жас Отан» жастар қанатының жарғылық құжаттарын реттеу, «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасын, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын талқылау. Делегаттар пікірталас алаңдарында ашық әңгіме өткізіп, өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салады. Сондай-ақ, жастар саясатын дамыту жолдары да кеңінен талқыланбақ. Съезд жұмысы екі күнге жалғасады. Алқалы жиын соңы «Жаңа әлемге жол саламын» гала-форумына ұласады.
Дереккөзі:infom.kz