Головкиннің командасы Альвареспен кездесу өтпей қалған жағдайдағы жоспарын жариялады
Головкиннің командасы Альвареспен кездесу өтпей қалған жағдайдағы жоспарын жариялады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің промоутері (37-0-1, 33 КО) Том Леффлер Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) кездесу өтпей қалған жағдайдағы жоспарын жариялады. 5 мамырдағы кездесу нақты өтеді деу қиын. Алайда Невада штатының Атлетикалық комиссиясы «Канелоны» кездесуден шеттетсе, оның орнына басқа қарсылас тағайындалады. Мәселен, оның орнына америкалық былғары қолғап шебері Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) шығуы мүмкін. Головкин былтыр онымен кездесу өткізген болатын. «Том Леффлердің маған айтуы бойынша, GGG 5 мамыр күні «Канеломен» болсын, басқасымен болсын, кездесу өткізуге ниетті. Мен Джейкобсты көндіру керек деп отырмын. Ол 28 сәуір күні Мацей Сулецкимен (26-0, 10 КО) рингке шықпақшы» деп жазады ESPN сарапшысы Дэн Рафаэль Твиттерде. Дереккөз: inform.kz