Грекия Кот Д'Ивуарды «шаң қаптырып», мундиальдiң 1/8 финалына шықты
Грекия Кот Д'Ивуарды «шаң қаптырып», мундиальдiң 1/8 финалына шықты
Бразилияда әлем чемпионаты аясында Грекия мен Кот Д'Ивуар құрама командалары плей-оффқа жолдаманы сарапқа салды.
Чемпионат бойы бiрде-бiр гол салмай, 1 ұпаймен топтың соңғы орындарында келген Грекия құрамасы, ивуарлықтар қақпасына алдымен гол салып, плей-оффқа шығар жолдамаға бiртабан жақындаған едi. Гол авторы - Андреас Самарис. Алайда африкалықтардың шабуылшысы Вильфрид Бони 74-минутта есептi теңестiре алды және грекиялықтардың үмiтiн су сепкендей басты.
Бiрақ соңғы секундтарда бас қазы африкалықтардың қақпасына пенальти белгiледi және оны Самарас мүлтiксiз орындап, грекиялықтарды плей-оффқа шығарды.
Осы ойыннан кейiн Грекия 4 ұпай жинап, әлем чемпионатының плей-офф сынына өте алды. Ол кезеңде Грекия Коста-Рикамен кездесетiн болады.
Айта кетейiк, С тобында Колумбия 9 ұпаймен көш бастап, 1/8 финалға шықты. Оған 4 ұпаймен екiншi сатыға көтерiлген Грекия қосылды. Жапония мен Кот Д'Ивуар доп додасынан тыс қалды.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz