Спорт және туризм

Колумбия Жапония құрамасын ойсырата ұтты

Колумбия Жапония құрамасын ойсырата ұтты

Футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңiнде Колумбия Жапония құрамасын 4:1 есебiмен ойсырата ұтып, 1/8 финалға жолдама алған командалардың қатарына қосылды.

Алғашқы голды Хуан Куадрадо матчтың 17-минутында салған болатын. Синдзи Окадзака бiрiншi таймның соңында есептi теңестiре алды. Алайда Джексон Мартинес ойынның 55-минутында қарсыластар қақпасына доп енгiзiп, өз командасын тағы да алға шығарды. Ал 82-минутта Джексон Мартинес есептi тiптi 3:1-ге жеткiздi. Ал Хамес Родригес соңғы минуттарда жапониялықтардың қақпасына 4-інші голды салып, жапондықтарды плей-оффқа шығу мүмкiндiгiнен айырды.

Айта кетейiк, С тобында Колумбия 9 ұпаймен көш бастап, плей-оффқа шықты. Оған 4 ұпаймен екiншi сатыға көтерiлген Грекия қосылды. Ал Жапония мен Кот Д'Ивуар осымен жарысты тоқтатты.

1/8 финалда Колумбия Уругвайға қарсы ойнайтын болады.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz