Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев РФ президенті Владимир Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың Тwitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

Айта кетейік, РФ президентінің сайлауы 2018 жылдың 18 наурызында өтті. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметтеріне сәйкес, Владимир Путин президент сайлауында алдыда келді. Учаскелік сайлау комиссияларының қорытынды хаттамаларының 90% өңделіп, сайлаушылардың 76,41% Владимир Путинге дауыс берді.  

Дереккөз:baq.kz