«Қазақстан Барысы» турнирiнiң сыйақы қоры 5 млн. теңгеге ұлғайды
«Қазақстан Барысы» турнирiнiң сыйақы қоры 5 млн. теңгеге ұлғайды
«Қазақстан Барысы» турнирiнiң сыйақы қоры 5 млн. теңгеге ұлғайды. Бұл туралы бүгiн жоба авторы Арман Шораев мәлiм еттi. «Ақпан айында теңге бағамы өзгергенiн жақсы бiлесiздер. Бiз турнирдiң сыйақы қорын сол қалпында 150 мың АҚШ доллары шамасында қалдырдық. Теңгемен санайтын болсақ, оның көлемi 5 млн. теңгеге артты», - дейдi ол. Оның айтуынша, турнир барысында көрермендер арасында автокөлiк ойнатылатын болады. Еске салайық, «Қазақстан Барысы» 2010 жылдан берi өткiзiлiп келедi. Биыл дода Астанада 29 маусымда өтпек. Боз кiлемде елдiң әр түкпiрiнен келген 28 ең мықты палуан күш сынасады.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz