Тағайындау
Тағайындау
Аралбекова Қарлығаш Әмірқызы 1977 жылы туған, білімі – жоғары. 2000 жылы әл- Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген, 2003 жылы Абай атындағы Алматы университетінің экономика (қаржы және несие) магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесі берілді. Еңбек жолын 2003 жылы Алматы қаласында «Аlex Stewart International Corporation» ЖШС-да менеджер болып бастаған. 2004 жылдың шілде-желтоқсан айлары аралығында «Бетта Стар» ЖШС-ның несие менеджері, 2005 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында «Алматы Құс» АҚ-да несие менеджері, 2005-2009 жылдары «АТФ Банк» АҚ-ның Шағын және орта бизнес департаментінің бас маманы, басқарма бастығы, өңірлік менеджері, «АТФ Банк» АҚ-ның Талдықорған қаласындағы филиалының директоры, 2009-2012 жылдары «Альянс Банк» АҚ-ның Шағын және орта бизнес департаментінің басқарма бастығы, департамент бастығы, 2012-2015 жылдары «Альянс Банк» АҚ-ның және «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның Тараз қаласындағы филиалдарының директоры, 2015-2017 жылдары Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директоры, 2017-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.