Жаңалықтар

Қазақстанда отбасы жағдайы жөніндегі министрлік құру ұсынылды

Қазақстанда отбасы жағдайы жөніндегі министрлік құру ұсынылды

Қазіргі уақытта отбасы жағдайына қатысты мәселелермен айналысатын бірде-бір мемлекеттік орган жоқ. Коммуникация қызметі баспасөз орталығында өткен брифингте Бала құқықтары бойынша өкілетті және Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева елде балалар мен жастар мәселесін шешетін жеке мемлекеттік орган құруды ұсынды

Сонымен қатар, балалар омбудсмені Білім министрлігі құрамында балаларды қорғау комитеті бар екенін, бірақ ол министр келісімінсіз ешқандай әрекет жасай алмайтынын айтады. Осыған байланысты мүдделер қақтығысы туындайды.

Оның айтуынша, басқа мемлекеттік орган құрамында жастар ұйымымен айналысатын бөлім бар, бірақ ол жастардың жалпы мәселесімен айналыспайды.

Дереккөз:baq.kz