Жаңалықтар

Альварестің промоутері Головкинге ескерту жасады 

Альварестің промоутері Головкинге ескерту жасады 

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының құрылтайшысы Оскар Де Ла Хойя орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге Сауль Альвареспен өтетін жекпе-жек алдында ескерту жасады, – деп хабарлайды Vesti.kz. Де Ла Хойя өз үндеуінде 5 мамырда Лас-Вегаста жоспарланған екінші кездесудің «Альварес ісіне» қарамастан, міндетті түрде өтетінін айтты. Сондай-ақ промоутер қазақстандық боксшының нокаутқа түсетінін болжады. «GGG! Жекпе-жек өтеді. Сен құлайсың. Сен осыны білемісің?, – деді промоутер Instagram желісіндегі парақшасында.

Дереккөз:24.kz