Венгрия және Болгарияға қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасының футболшылары жасақталды
Венгрия және Болгарияға қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасының футболшылары жасақталды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стойлов алдағы жолдастық кездесулерге қатысатын футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерциясының ресми сайты. Еске салайық, 23 наурыз күні Будапешт қаласында Қазақстан құрамасы Венгриямен жолдастық кездесу өткізсе, 26 наурыз күні Фельчут (Венгрия) қаласында Болгария құрамасымен кездеседі. Қақпашылар: Александр Мокин, Ненад Эрич (екеуі де – «Астана»), Владимир Плотников («Қайрат»); Қорғаушылар: Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков, Сергей Малый, Евгений Постников (барлығы – «Астана»), Ғафуржан Сүйімбаев, Елдос Ахметов, Станислав Лунин, Нуралы Әліп (барлығы – «Қайрат»); Жартылай қорғаушылар: Серікжан Мұжықов, Бактиер Зайнутдинов (екеуі де – «Астана»), Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, Георгий Жуков, Магомед Парагульгов (барлығы – «Қайрат»); Шабуылшылар: Алексей Щеткин, Роман Муртазаев, Юрий Перцух (барлығы – «Астана»), Сергей Хижниченко, Еркебулан Тұңғышбаев (екеуі де – «Ордабасы»), Еркебұлан Сейдахмет («Уфа», Ресей). Қосалқы құрам: Дмитрий Мирошниченко, Виктор Дмитренко (екеуі де – «Тобыл»), Александр Марочкин («Қайсар»). Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының екінші турынан кейін құрама сапында өзгерістер болуы мүмкін.
Ақпарат көзі: kaz.vesti.kz