Талас
Талас
«Асар» мүгедектермен жұмыс істейтін ұйымдар одағы» заңды тұлғалар бірлестігі Талас аудандық филиалының төрағасы Таир Губашевтің бастамасымен көмекке зәру мүгедектер қамқорлыққа бөленді. Қаратау қаласының тұрғыны Никита Пунькоға кресло-арба, Құндыз Серікбай, Нұрғаным Тұрар және Ойық ауылының тұрғыны Наурызбай Орманға, Нұрай Нұржанқызына мүгедектерге арналған қоларба табыс етілді.