Әлеумет

Таразда тоғызқұмалақтан, дойбыдан және шахматтан облыс чемпионаты өтеді

Таразда тоғызқұмалақтан, дойбыдан және шахматтан облыс чемпионаты өтеді

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының мұрындық болуымен 14-16 наурыз аралығында тоғызқұмалақтан, дойбыдан және шахматтан Жамбыл облысының чемпионаты өтеді. «Тараз» орталық стадионында өткізілетін ұшқыр ойлылардың аламаны Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған шаралар аясында ұымдастырылып отыр.

Аталған чемпионатқа 1997 жылы туылған және одан кішірек көру қабілеті төмен жастар қатысады. Жалпы, жарыста Тараз қаласынан және аудандардан барлығы 30 спортшы бақ сынайды деп күтілуде.

Жарыс дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спортты насихаттау, жастарды отансүйгіштікке, патриоттық  сезімге тәрбиелеуді мақсат етіп отыр.

Облыс чемпионатының жалпы басшылығын Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы жүргізеді. Ал оны өткізу «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубына» жүктелген.