Басты жаңалық

Ғаламның 14 миллиард жыл өмірі он минуттық видеода көрсетілді

The final spritzer

Ғаламның 14 миллиард жыл өмірі он минуттық видеода көрсетілді

YouTube желісінде melodysheep деген лақап атпен танымал видеоәуесқой Джон Босуэлл он минуттық видео жариялады. Онда Ғаламның бүкіл өмірлік циклі көрсетілген. Жазбада Үлкен жарылыс кезінде оның пайда болуынан бастап, алғашқы жұлдыздар мен галактикалардың жаратылысына дейін Ғалам тіршілігіндегі ең маңызды сәттердің барлығы қамтылған. Видеоның әр секунды Ғаламның 22 миллион жылдық өмірін қамтыған. Жалпы, оның жасы 13,8 миллиард жыл деп есептеледі. [embed]https://youtu.be/TBikbn5XJhg[/embed] Дереккөз: tengrinews.kz