Тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі
Тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі
Ардақты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – әсемдік пен әдеміліктің, сұлулық пен ізгіліктің жаршысындай жаймашуақ күйге бөлейтін жарқын мейрам. Себебі ана – тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Жалпы, әйел – өмірдің өзі. Әйел – ең алдымен, ұрпақ бақытына, өз шаңырағына, сондай-ақ Отанымыздың болашағына жауапты тұлға. Елбасы, партия Төрағасының «Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды» деген сөзі ананың өмірдегі орнын айқындайды. Дүниеге сәби әкеліп мәпелейтін, ұрпағын тәрбиелейтін, халқының береке-бірлігін сақтайтын да – әйелдер. «Әкеден – өсиет, анадан – қасиет» демекші, ақылымен елді аузына қаратқан, тәрбиелі, үлгілі ұрпақ таратқан қасиетті аналарымыз ұлын ұлағатты, қызын парасатты етіп тәрбиелеген. Қазіргі кезде қоғамның кез келген саласын әйелдерсіз елестету мүмкін емес. Сіздер адал жар, қамқор ана, сенімді дос қана емес, сонымен бірге жақсы басшы, білікті маман, іскер ұйымдастырушы болып, заман талабына сай қызмет атқарып жүрсіздер. Қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуына араласып жүрген әйел заты, облысымыздың білім, денсаулық сақтау, мәдениет, кәсіпкерлік пен өндіріс саласында ерлермен тең жұмыс атқаруда. Құрметті аналар мен аяулы арулар! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Көңілдеріңіз шат, мерейлеріңіз үстем болсын! Дендеріңізге саулық, босағаларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін! Мереке құтты болсын!
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының саяси кеңесі