Жаңалықтар

Бүгін әлем Халықаралық әйелдер күнін тойлап жатыр

Бүгін әлем Халықаралық әйелдер күнін тойлап жатыр

Бүгін "Халықаралық аналар күні" мерекесі. Әлемнің көптеген елінде тойланатын бұл ерекше мейрам көктемнің алғашқы аптьасында, алғашқы мереке болып тойланады. Бұл мереке екі жылдан бері елімізде аталып өтетін "Алғыс айту күні" (1 наурыз) мерекесінен кейінгі көктемнің екінші мейрамы ретінде тойланып келед

Көктем мерекесі атанып кеткен Халықаралық әйелдер күнінің шығу тарихына көз жіберсек 1910 жылы Копенгагендегі социалист әйелдердің халықаралық конференциясында герман және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері К.Цеткинаның ұсынысы бойынша наурыздың 8-ін Халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы шешім қабылданды. Ал 1914 жылдан кейін көп елдерде нақ осы күн әйелдер мерекесі ретінде аталатын болды.

Бұл күн - әйелдер құқын қорғау және халықаралық бейбітшілік күні. Біріккен Ұлттар Ұйымы 1975 жылды Халықаралық әйелдер жылы деп жариялап, сол жылғы наурыздың 8-інен бастап Әйелдер құқын қорғау және халықаралық бейбітшілік күнін өткізе бастады.

Қазақстан Республикасында да бұл мерекеге аса мән беріліп, осы күні елорда мен барлық облыстарда мерекелік шаралар ұйымдастырылады.

Ал Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайын "Көктем шуағы" атты кездесу ұйымдастырып, еліміздегі қоғамға белгілі, елімізге еңбегі сіңген қыз-келіншектермен, аналармен кездесуді дәстүрге айналдырды. Сол дәстүр бойынша Елбасы кеше әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтады.

Жылда жеке қабылдау ретінде өтетін бұл дәстүрлі кездесу биыл Астанадағы "Қазақстан" орталық концерт залында мерекелік концерт ретінде тойланды.

Дереккөз:baq.kz