- Advertisement -

ОРТАҒАСЫРЛЫҚ АҚША БЕЛГІЛЕРІ

302

- Advertisement -

Ортағасырлық Қараханидтер ақша белгілері – ІХ-ХІ ғасыр­лардағы дирхемдер сол тұстағы басты айналым құралы болды. Бірақ оларды «қара дирхемдер» деп атады. Себебі, күміске мысты көп қосатын. Осындай монеталардың бет жағында билік белгілерімен және жазулармен бірге, иленушінің бюсті, ал сырт жағында құрбандық оты мен күзетші бейнеленген.
Бет жағының ортасында – садақ пен жайдың стильденген бейнесі, оның төрт жағында: «Ұлы сұлтан, бейбітшілік пен сенімнің шыңы» деп жазылған. Жоғары жағында түсініксіз сөздер, төменгі жағында өрнек орналасқан. Айналдыра екі шеңбер арасында ішінара өшіп қалған: «Осы дирхем Термезде соғылған» деген жазу бар. Сырт жағында екі шаршымен жасалған жарты картушта Құраннан: «Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед – оның елшісі» деген үзінді келтірілген. Картуштың төрт жағында лакаб пен эпитет орналасқан, содан кейін «музафари» деген сөз сақталып қалған.
Бұл ақша түрін 400 жылға жуық соғып, пайдаланды.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support