Әлеумет

Студенттерге 20 мың грант бөлініп, 75 мың орындық жатақхана салынады

Студенттерге 20 мың грант бөлініп, 75 мың орындық жатақхана салынады

2018-2019 оқу жылында студенттерге қосымша 20 мың грант бөлінетін болды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұл жұмысты ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында белгіленген бес әлеуметтік бастаманың бірі екенін атады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, барлық ЖОО-ларда техникалық, ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша Ұлттық ЖОО-лар деңгейінде жаңа гранттардың құнын өсірген жөн.

Еске сала кетсек, қазіргі уақытта ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өткізіліп жатыр.

Дереккөз:

 kazinform.kz