Әлеумет

Головкин Қазақстанды қалай сыйлайтынын көрсетті

Головкин Қазақстанды қалай сыйлайтынын көрсетті

WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) жанкүйерінің мемлекеттік туға қолтаңба қалдыру өтінішінен бас тартты. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода, Лос-Анджелесте өткен баспасөз мәслихаты кезінде сахнаға беттеп бара жатқан GGG-ға жанкүйері қолтаңба қалдыруын өтінгенін көруге болады. Қазақстандық боксшы қолтаңба қалдырудан бас тартып «Қыздар, туға болмайды, болмайды», - деп түсіндірді. Алайда, жанкүйер онымен тоқтап қалмай «Гена, өтінемін» - деп айқайлады. Боксшы ары қарай қазақстандық жанкүйерлерінің сәлемін алып, қол алысып амандасты. Айта кетейік, Головкин мен Канело реваншы 5 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді. Дереккөз: alashainasy.kz