Спорт және туризм

"Астана" футбол клубы Қазақстан суперкубогын жеңіп алды

"Астана" футбол клубы Қазақстан суперкубогын жеңіп алды

Алматылық "Кайратты" 3:0 есебімен жеңген "Астана" Қазақстан суперкубогына ие болды. Бұл ойын ел футболының биылғы маусымын ашып берді. Алғашқы таймда екі команда үшін қауіпті сәттер болған жоқ. Екінші таймның 59-минутында "Астана" сапында Иван Маевский есеп ашты. Содан кейін ойынның 62-ші және 67-минутында жартылай қорғаушы Марин Томасов қарсылас қақпасына екі гол салып, дубль авторы атанды. Осылайша астаналық команда ел суперкубогын жеңіп алды. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="62181,62182,62179,62180"] Дереккөз: baq.kz