- Advertisement -

6 сынып оқушысы алғашқы кітабын жарыққа шығарды

204

- Advertisement -

Сурет: inform.kz

Алтынайдың алғашқы кітабының шығуына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қолдау білдірген

Қызылорда қаласындағы №267 орта мектептің 6 сынып оқушысы Алтынай Берік «Ертегілер» атты кітап шығарып, еліміздегі ең жас жазушының бірі болып отыр, деп хабарлайды Today.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алтынайдың алғашқы кітабының шығуына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қолдау білдірген. Сондай-ақ, алғашқы туындысының бір данасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдады. Жаңа туынды 1000 дана таралыммен оқырман қолына тиді. Ол 60 беттен тұрады. Кітапқа 32 ертегі мен өлеңдер жинақталған. Сонымен бірге, кітапта жас өреннің өз қолымен салған суреттері де бар.

Ол 7 жасынан бері қолына қалам ұстап, түрлі әдеби шығармалар жазып келеді. Бүгінде оның 40-қа жуық ертегісі бар. Шығармаларының көпшілігі жан-жануарларға арналған. Мәселен, «Ақ көжек», «Мөлдір бұлақ», «Қызыл қораз», «Түйе», «Қамқорлық» сынды туындылары республикалық байқауда орын алып жүр. Оның ертегілері «Балапан» телеарнасының 5 жылдығына орай өткізілген «Менің ғажайып ертегілерім» атты жинаққа енгізілген.

Бүгінге дейін Алтынай түрлі байқауға қатысып, олардан жоғары жетістікпен оралып келеді. Тұңғыш рет «Жас өркен» серіктестігі ұйымдастырған бәйгеде жеңмпаздар тұғырынан көрінген еді.

Алтынай көп балалы отбасыдан шыққан. Ол – отбасындағы 7 баланың екіншісі. Әкесі Айбек пен анасы Айзада – қарапайым жандар.

Дерекөз:today.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support