Қарағандылық оқушылар электронды домбыра жасап шығарды

167

Қарағандыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары өзі ойнайтын электронды домбыра ойлап тапты

Айта кету керек, бұл екі шекті аспап Қазақстан бойынша алғашқы түпнұсқа болып саналады. Ұлттық аспап адамның көмегінсіз-ақ өзі күй ойнай алады. Аталған жобаны құрастыру үшін оқушылар небәрі 1 күн жұмсаған. Ал бағдарламаны іске қосуға 1 апта уақыт кеткен. Әзірге бұл дайын домбыра қазақтың «Еркемай» күйін орындайды. Алдағы уақытта оқушылар бағдарламаға жаңа күйлерді енгізбек.

«Домбыра біздің, қазақ елінің рухани байлықтарымыздың бірі деуге болады. Домбырада бұрыннан бері ата-бабаларымыз ойнап жүрген. Сондықтан жастарға рухани жаңғырту кілті ретінде көрсететін болсақ, қазақ елін алға жетелейтін боламыз», — дейді 10 сынып оқушысы Ерасыл Тұраров.

 

Дереккөз:baq.kz 

Comments are closed.