Жаңалықтар

Қарағандылық оқушылар электронды домбыра жасап шығарды

Қарағандылық оқушылар электронды домбыра жасап шығарды

Қарағандыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары өзі ойнайтын электронды домбыра ойлап тапты Айта кету керек, бұл екі шекті аспап Қазақстан бойынша алғашқы түпнұсқа болып саналады. Ұлттық аспап адамның көмегінсіз-ақ өзі күй ойнай алады. Аталған жобаны құрастыру үшін оқушылар небәрі 1 күн жұмсаған. Ал бағдарламаны іске қосуға 1 апта уақыт кеткен. Әзірге бұл дайын домбыра қазақтың «Еркемай» күйін орындайды. Алдағы уақытта оқушылар бағдарламаға жаңа күйлерді енгізбек.

 

Дереккөз:baq.kz