- Advertisement -

Қазақстандықтар «Оскар» сыйлығын марапаттау кешін онлайн көре алады 

164

- Advertisement -

Яндекске тиесілі «КиноПоиск» сервисі Қазақстанда «Оскар» сыйлығының мерейтойлы 90-шы марапаттау рәсімін көрсетеді. Көрермендер трансляцияны компьютермен тікелей эфирде көре алады.

«КиноПоиск» Disney компаниясынан Ресей мен ТМД елдерінде «Оскар 2018» көрсету құқығына ие болды.

«КиноПоиск» 5 наурыз күні Астана уақытымен таңертеңгі 06.30-да тікелей эфирде бастайды. Көрермендер 30 наурызға дейін жазбаны кез келген уақытта көре алады. Марапаттау рәсімін сервис редакторлары мен шақырылған сарапшылар жүргізеді.

Сонымен бірге «КиноПоискта» Киноакадемияның мерейтойға арнайы дайындаған «Оскар» тарихы туралы материалдары жарияланса, көрермендер осы сервисте биылғы номинанттар арасында кімнің жеңімпаз атануы мүмкін екенін болжайтын дәстүрлі ойынға қатыса алады.

«КиноПоиск» — фильмдер мен сериалдар, телевизиялық бағдарламалар, актерлер мен режиссерлер туралы ақпарат тарататын ауқымды ресейлік сервис.

Disney компаниясы «Оскар» жүлдесін марапаттау рәсімін Ресей мен ТМД елдерінде эксклюзивті тарату құқығына ие болған. Компания лицензиясында Disney өндірістік студиясының жобалары, Pixar, MARVEL, Lucasfilm, DreamWorks SKG және ABC мен ABC Family сериалдары бар.

Айта кетейік, наурыздың 4-нен 5-не қараған түні кино саласындағы жылдың басты оқиғаларының бірі – «Оскар» сыйлығын табыс ету салтанаты өтеді. Оскар сыйлығын табыс ету рәсімі, дәстүр бойынша, ақпан айының соңғы аптасында өтетін. Алайда, Кореяда Қысқы Олимпиада ойындарының басталуына байланысты бұл айтулы шараны кейінге жылжытуға тура келді.

 
Дерекөз:baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support