Экономика

2017 жылдың 4-тоқсанының қорытындысы бойынша аймақтағы қаржы нарығының ахуалы туралы ақпарат

2017 жылдың 4-тоқсанының қорытындысы бойынша аймақтағы қаржы нарығының ахуалы туралы ақпарат

Депозиттік нарық. Облыстың екінші деңгейдегі банктерінің филиалдарындағы (бұдан әрі – Банктер) депозиттердің көлемі 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 125 922,6 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 17,0%-ға немесе 18 310,7 млн. теңгеге көп. Оның ішінде ұлттық валютадағы депозиттердің үлес салмағы 67,7%-ды немесе 85 291,2 млн. теңгені, ал шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы 32,3%-ды немесе 40 631,4 млн. теңгені құрады. 2016 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 33,3% немесе 21 283,2 млн. теңгеге көбейген, ал шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 6,8% немесе 2 972,5 млн. теңгеге азайған. Депозиттердің салымшылар бойынша құрылымы жеке тұлғалардың депозиттерінің басымдылығымен сипатталады. 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың салымдары облыстағы депозиттердің жалпы көлемінен 115 293,5 млн. теңгені немесе 91,6% құрады. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 18,4%-ға немесе 17 904,9 млн.теңгеге артқан. Заңды тұлғалардың депозиттері жыл басынан 4,0%-ға артып, 2017 жылдың 4-тоқсанының соңына облыстағы депозиттердің жалпы көлемінен 10 629,1 млн. теңгені немесе 8,4% құрады. Орналастыру мерзімдері бойынша облыс депозиттерінің көлемінде басым бөлігін мерзімді депозиттер алады. Осылай, 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша депозиттердің жалпы көлемінің 99,0%-ы мерзімді болып табылады, ал шартты және талап ету бойынша депозиттердің үлесі сәйкесінше 0,7% және 0,3%-ды құрайды. 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Жамбыл облысы депозиттерінің үлесі республика бойынша депозиттердің жалпы көлемінде 1,2%-ды құрады. 2017 жылдың 4-тоқсанында Банктермен 154 107,4 млн. теңгеге депозиттер тартылған, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55,1%-ға немесе 54 745,5 млн. теңгеге көп. Тартылған депозиттердің жалпы сомасының 36,4%-ы жеке тұлғалардан, 63,6%-ы заңды тұлғалардан тартылған, олардың ішінде 93,1% ұлттық валютада, қалған 6,9%-ы шетел валютасында. 2017 жылдың 4-тоқсанында заңды және жеке тұлғалардың шоттарынан 145 234,0 млн. теңге қайтарып алынған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65,7%-ға немесе 57 611,5 млн. теңгеге көп. Депозиттердің тарту мерзімдері бойынша құрылымы. 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша депозиттердің жалпы көлеміндегі ұзақ мерзімді салымдардың үлесі 47,4%-ды (немесе 59 681,0 млн. теңгені) және қысқа мерзімділер – 51,6%-ды (немесе 65 041,3 млн. теңгені) құраса, ал қалған 1,0% (1 200,3 млн. теңге) шартты және талап етілген депозиттер құрайды. Несие нарығы. 2017 жылдың 4-тоқсанында Банктермен берілген несиелердің көлемі 40 497,3 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,6%-ға артық (2016 жылдың 4-тоқсанында 29 224,2 млн. теңге сомасында несиелер берілген). Берілген несиелердің жалпы сомасының басым бөлігі ұлттық валютада берілген несиелер болып табылады – 40 497,0 млн. теңге. Шетел валютасында берілген несиелердің сомасы теңгедегі баламасында 0,3 млн. теңгені құрайды. Ұзақ мерзімді несиелердің көлемі 30 512,2 млн. теңге немесе 75,3%-ды құрайды, сәйкесінше қысқа мерзімді несиелер 9 985,1 млн. теңгені (24,7%) құрады. Банктермен берілген несиелердің негізгі бөлігі жеке тұлғаларға берілген. Олардың үлесі 30 800,9 млн. теңгені немесе жалпы берілген несиелердің сомасынан 76,1%-ды құрайды. Заңды тұлғаларға берілген несиелердің сомасы 9 696,4 млн. теңгені немесе берілген несиелердің жалпы сомасынан 23,9%-ды құрайды. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелердің көлемі 2017 жылдың 4-тоқсанында 9 428,5 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңнің көрсеткішінен 32,9% артық (2016 жылдың 4-тоқсанында 7 092,4 млн. теңге сомасында несие берілген). 2017 жылдың 4-тоқсанында жеке және заңды тұлғалармен өтелген несиелердің жалпы сомасы 33 331,2 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,0% немесе 2 194,6 млн. теңгеге көп. Соның ішінде жеке тұлғалармен 24 892,5 млн. теңге немесе өтелген несиелердің жалпы көлемінің 74,7%-ы өтелген (2016 жылдың 4-тоқсаны бойынша сәйкесінше 18 966,6 млн. теңге немесе 60,9%), ал заңды тұлғалармен 8 438,7 млн. теңге немесе 25,3% несиелер өтелген (2016 жылдың сәйкес кезеңінде12 170,0 млн. теңге немесе 39,1%). 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Жамбыл облысы бойынша несиелер бойынша берешектер қалдығы 177 739,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25 978,4 млн. теңгеге немесе 17,1%-ға артқан. Заемдар құрылымында теңгедегі несиелердің үлесі 98,7% немесе 175 514,3 млн. теңгені құрады, қалған 1,3% – шетел валютасында берілген заемдар (2 224,7 млн. теңге). Жеке тұлғалар несиелерінің көлемі 140 721,1 млн. теңгені немесе ссудалық берешектердің жалпы көлемінен 79,2%-ды құрады, ал заңды тұлғалардың қарыз үлесі 37 017,9 млн. теңгені немесе 20,8%-ды құрады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері бойынша несие берешегінің қалдығы 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға 36 275,5 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6% немесе 1 603,9 млн. теңгеге жоғары. Облыстың несиелік портфелінде заемдардың мақсатты бағытталуы бойынша халықтың тұтынушылық мақсатына (несиелердің жалпы көлемінің 54,6%-ы немесе 96 993,4 млн. теңге), айналым құралдарын толықтыруға (13,2% немесе 23 548,1 млн. теңге), сонымен қатар азаматтардың тұрғын үй салуына және сатып алуына (12,3% немесе 21 876,6 млн. теңге) берілген несиелер ауқымды бөлікті құрайды. Жалпы облыс бойынша несиелердің барлық түрлері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2017 жылдың желтоқсан айының соңында 15,8%-ды құрады (2016 жылғы желтоқсан айының соңында аталған көрсеткіш 16,6%-ды құраған). Ұлттық валютадағы несиелер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 0,9%-ға төмендеп, 15,8%-ды құрады, сонымен қатар шетел валютасындағы несиелерде 1,3% төмендеп, 11,3%-ды құрады. Заңды тұлғалардың несиелері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,7%-ды құрады (2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға – 13,9%), ал жеке тұлғалардың заемдары бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 16,6%-ды құрады (2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға – 17,3%). Облыстың несие нарығына талдау жасай отырып, заемдар бойынша мерзімі өткен берешектердің кемігендігін айтып өткен жөн. Егер 2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Банктердің несиелері бойынша мерзімі өткен берешектер 16 134,3 млн. теңгені құраса, 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш сәйкесінше 15 603,0 млн. теңгеге дейін (-3,3%) азайып отыр. Мерзімі өткен берешектердің жалпы көлемінен азаматтардың тұтынушылық мақсаттарына берілген несиелер 42,5%-ды, ал азаматтардың тұрғын үй салу және сатып алуына берілген несиелер 12,0%-ды құрайды. Шағын кәсіпкерлік бойынша мерзімі өткен берешектер 2017 жылдың 4 тоқсанының соңына 2 469,6 млн. теңгені немесе шағын кәсіпкерлікке берілген несиелердің жалпы көлемінің 6,8%-ын құрады.

Динара Ақынбекова, ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының жетекші маман-экономисі