Түркеш тиындары
Түркеш тиындары
Мұндай ақшалар Жетісудан Соғдыға (қазіргі Тәжікстан) дейінгі үлкен аумақта есеп айырысу үшін пайдаланылды. Түркілердің атақ-лауазымдары бейнеленген, ортасында шаршы тесігі бар дөңгелек пішінді монета. Тесік айналасында араб тілінде «Ұлы түркеш қағанының теңгесі» немесе «Түркінің көк қағанының теңгелері» деген жазулар болған. Бұл – тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекет дәулетін, мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме. Түркеш хандары монетаның төрт түрін соқты. Монеталар қағанның ордасы орналасқан Суйяб және Тараз қалаларында шығарылды. Бір мезгілде Шу алқабында өз монеталарын түркештерге бағынған тухуси түркі халқы да шығарды, бірақ олардың ақшасы тек Шу алқабының өзінде ғана айналыста болды.