Кие мен қасиеті қатар тұнған, Қашан да Астанаммен мақтанамын
Кие мен қасиеті қатар тұнған, Қашан да Астанаммен мақтанамын
Облыстық «Aq jol» газеті мен облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бірлесе қолға алған «Арқа төсіндегі арман қала» атты Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған газет-айтыс жалғасуда. Газетіміздің 20 ақпан күнгі №21 санында Сарысудың саңлағы Алик Бекмұсаев тізгінді қолға алып, екінші жұптың айтысын бастап берген болатын. Енді, міне, оның қарсыласы, тараздық Райхан Алмасбекқызынан жауап келіп отыр. Алик ақынның қазақы қалжыңына үн қатқан Райханның да өз пайымы, танымы бар. Салмақты сөз, ұтымды оймен әдіптелген сөз барымтасын назарларыңызға ұсынамыз. Екі ақынның жазба айтысы бірінші айналымнан кейін қыза түседі деген ойдамыз. Жыр садағын асынған айтыс ақындарының қайсысы сүбелі сөз айтқанын өздеріңіз парықтай жатарсыздар, патша көңілді оқырман!
(Алик Бекмұсаевқа жауап)
Тараз қаласы