- Advertisement -

Энергетика вице-министрі ұсталды 

128

- Advertisement -

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің лауазымды тұлғаларының қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ұлттық бюроның баспасөз қызметі.  

«Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков «Аймақ» ЖШС мердігер ұйымының басшысымен қылмыстық келісімде Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазартуға бөлінген аса ірі көлемдегі бюджеттік қаражатты жымқырған», — делінген хабарламада. Сонымен қатар қылмыс жасауға Энергетика министрлігінің департамент басшысы Ж.Нұрбеков және мердігерлердің өкілдері С.Жұмалинов және Б. Қадырберлин қатысқан. Ұлттық бюроның мәліметінше, Сәдібеков қол қойған жалған актілер бойынша Энергетика министрлігі 2017 жылы көлемі бірнеше есе арттырылған атқарылған жұмыстарға жалпы сомасы 3,6 млрд теңге төленген. Аталған қаражаттың 1 млрд теңгесі қолма-қол алынған және жымқырылған. Ол қаражат тінту барысында табылып, алынған. Бұдан бөлек, 2018 жылға көлді тазартуға бөлінген 1,5 млрд ақша қаражатының жымқырылуының жолы кесілді. Сәдібеков, Нұрбеков, Дуанбек, Жұмалинов пен Қадырберлин ұсталған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: egemen.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support