Өзім неміспін ғой, қазақтардың әнін айтып беремін – неміс жігіті желіні шулатты

110

Сурет: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде неміс жігітінің қазақ әні «Ақсәулемді» орындағаны көпшілікке ұнап жатыр.

Неміс жігітінің баянның сүйемелдеуімен орындағын қазақша әні көпшіліктің көңілінен шықты, деп хабарлайды Today.kz.

«Қазақтар, өзім неміспін ғой. Сендерге міне қазақтардың өлеңін айтып беремін», – дейді орындаушы.

Желі қолданушыларын орындаушының тек қана қазақша әні тамсандырмаған секілді. Орындаушының баянда еркін әрі әдемі ойнауы да талай жанды таңдандырғаны жасырын емес. Ал сіз қандай баға бересіз?

Дереккөз: today.kz

Comments are closed.