Жаңалықтар

Ауыр атлетика федерациясының президенті сайланды 

Ауыр атлетика федерациясының президенті сайланды 

Жанат Түсіпбеков алдағы төрт жылға Қазақстан Ауыр атлетика федерациясының президенті болып қайта сайланды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА. Астанадағы федерация сайлау конференциясының қатысушылары Түсіпбековтың қайта сайлануын бірауыздан қолдаған.  ААФ президенті Жанат Түсіпбеков атап өткендей, ол антидпингтік саясатты күшейту жұмыстарын жалғастырады және спортшыларды әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асырады. Сондай-ақ,  жергілікті ауыр атлетика федерацияларын дамытып, инвестиция тартпақ.

Айта кетейік, сайлаумен қатар IWF Интерконтиненталдық комиссиясының отырысы да өтті.

Дереккөз:egemen.kz