Езутартар
Езутартар
Журналистің әйелі күйеуіне : – Осы сендер жұртқа баспасөз бетінен «арақ ішпеңдер» дегенде бәледейсіңдер, ал өздерің неғып ішесіңдер? – Күйіктен. – Қайдағы күйік? – Ақылымызды алмаған соң, күйеміз де... Жуу Ішіп келген журналист әйеліне ақтала: – Бүгін бізде кім қонақ болғанын білесің бе? – деді. – Кім? – Анау «пәленше» деген ақиық ақынның өзі. Біздің газетке өлеңі шыққан еді, соны жудық...ық..ық... Ертесіне күйеуі тағы ішіп келеді. – Ой, бүгін «түгенше» деген атышулы жазушының әңгімесін жудық... ық..ық... Келесі күні тағы да мас болып келген күйеуіне: – Тағы да ақын-жазушыларың келді ме? – Жоқ, енді өзімнің әңгімем шықты. Ық...ық... Естірту Мен сіздерге бір тамаша мақала алып келдім, соны шығарсаңыздар екен. Қаламақысы өздеріңізде қалсын. Жуғаным болсын, сыра алып ішерсіздер. – Жарайды, оқып көрейік. Тастап кетіңіз. Ертесіне әлгі кісі редакцияға хабарласады: – Кешіріңіз, менің мақалам не болды? – Өкінішке қарай, сыра іше алмайтын болдық. Лажсыздық Журналист түннің бір уағында жедел жәрдемге хабарласады. – Алло, дәрігер, өтінемін, тезірек жетіңізші, кішкентай қызым қаламсабымды жұтып қойды. – Астапыралла, не дейді? Енді не істеп отырсыз? – Не істеуші едім, лаж жоқ, қарындашпен жазып отырмын. Аударғаным бар, өзімнің қосқаным бар, сәлеммен Бақытжан Советский.