«Миы бар...»
«Миы бар...»
Бірде Қырекең (аудандық атқару кеңесінің төрағасы Қырықбай Асанов) ауылға келіп, малшыларды аралауға шығады. Жанында мен бармын. Бір малшының үйінде отырмыз. Шамалыдан кейін ет келді. Үй иесінің әйелі асығып-үсігіп жүріп, қатты қайнатып алды ма, қонақ алдына әкелінген қой басының терісі сыдырылып қалыпты. Сонда пышақты қолына ыңғайлап алған Қырекең ағамыз жалаңашталған қой басынан кесуге құйқа таппай, маған қарап: – Әй, Алдаберді, мына басты көріп келді дейін десем, – көзі жоқ, естіп келді дейін десем – құлақтан жұрдай, иіскеп тапты дейін десем – онысы да сыйпаламай болыпты. Жұлма-жұлма мынауың маған қалай жеткен, – деді сәл ыңғайсызданып. Сонда мен: – Қыреке-ау, ішінде миы болған соң ойланып барған-ау, – дедім. Төраға күліп жіберді де: – Тауып кеттің, алып бер онда сол миды, көрейік, – деп басты маған ұстатты.
Алдаберді Мақашев. Сарысу ауданы.