Жаңалықтар

Екі уақыт... намаз

Екі уақыт... намаз

Жұма күні болатын, намазға үлгерейін деп асығыс дәрет алып жатсам, ұлым Рауан да сабаққа асығыс жиналып жатыр екен: – Папа, кешігетін болдым. Мектепке көлікпен жеткізіп салыңызшы, – деді. – Көріп тұрсың ғой, мен де асығыспын. Намаздан қалатын болдым, – деп асығыс екенімді алдыға тартқанымда, Рауан: – Иә, саған. Сен таңертең бір, кешке бір рет намаз оқушы едің ғой. Бүгін неғып түсте намаз оқитын болып қалғансың, – дегені. Ұялып қалдым. Өйткені, жұмыс жағдайына байланысты қаза жіберген намаздарды жиып-теріп кешке оқитыным рас еді.

Мұхтар Рахманқұлов.