Жаңалықтар

«Әртістердің әкесімін»

«Әртістердің әкесімін»

Бірде шымшыма сөздің шебері Смаханұлы Шона ағамыз Ақкөл ауылынан Жамбыл қаласына (қазіргі Тараз) қарай жүретін жолаушылар автобусына мініпті. Жолай өзінің небір шымшыма, сықақтарын бірінен соң бірін айтып, жолаушылардың ішек-сілесін қатырыпты. Атын естісе де атақты Шөкеңді шаң басқан автобуспен жүреді деп кім ойлаған. Сондай кейуананың бірі: – Әй, өзің кіп-кішкентай болып алып, қып-қызыл әртіс екенсің, – десе керек. Сонда Шөкең: – Мен сол әртістердің әкесімін! Бала әкесінің айтқанын орындамай ма? Жазушымын, ал әртістер менің жазғанымды сахнада қайталайды. Ендеше, әкесі емей кіммін? – деген екен.

Сәулембай Әбсадықұлы. Қаратау қаласы.