Жаңалықтар

Енді жүргізушіге қағаз түріндегі сақтандыру полисін алу міндеттелмейді

Енді жүргізушіге қағаз түріндегі сақтандыру полисін алу міндеттелмейді

Елімізде көлік жүргізушілерге сақтандыру полисін онлайн сатып алу енгізілмек. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы Мәжілістің пленарлық отырысында мәлімдеді

Данияр Ақышев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу барысында Ішкі істер министрлігімен онлайн-сақтандыруды енгізу, атап айтқанда жүргізушіде полистің бар екенін тексеру жұмысы талқыланғанын айтты.

Оның айтуынша жол полициясы тәулік бойы және кез-келген уақытта жүргізушіде сақтандырудың бар екенін Бірыңғай сақтандыру дерекқорынан тексере алады. Яғни, қағаз полис сұралмайтын болады.

Дереккөз: baq.kz