Ауыз өзімдікі деп... айып төлейтін болды
Ауыз өзімдікі деп... айып төлейтін болды
Азаматша И.И.Иванова өткен жылдың 10 желтоқсанында сағат 09.30 шамасында Тараз қаласындағы 6 мөлтек ауданға орналасқан № 6 «Әулиеата» колледжінің ауласында, яғни қоғамдық орында азамат И.П.Петровты балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзып, жеке тұлғалардың тыныштығын алған.
Азаматша И.И.Иванова осы заңсыздықпен төңірегіндегілерге сыйламаушылық көрсеткен іс-әрекетімен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 330-бабының 1-бөлігіндегі ұсақ бұзақылық жасаған. Сот азаматша И.И.Иванованы ӘҚБтК-нің 330-бабының 1- бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық бойынша кінәлі деп танып, әкімшілік жаза ретінде үш айлық есептік көрсеткіш – 5556 (бес мың бес жүз елу алты) теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.
Қамар Үсембаева, Тараз қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы.