Жаңалықтар

Енді қазақстандықтар Түркияға пойызбен бара алады

Енді қазақстандықтар Түркияға пойызбен бара алады

Бұдан былай қазақстандықтар Түркия, Грузия, Әзірбайжанға жоғары жылдамдықты пойызбен бара алады. Бұл жобаны іске асыру 2018 жылдың соңына дейін жоспарланған. «Әзірбайжан темір жолдары» компаниясы өткен жылдың қазан айында ашылған Баку-Тбилиси-Карс бағытындағы жолаушылар пойыздарын іске қосуды жоспарлап отыр. Ойды жүзеге асыру үшін мамандар техникалық мәселелерді шешіп жатыр.

Баку-Тбилиси-Карс бағыты бойынша жүретін пойыз бастапқы кезеңде бір миллионға жуық жолаушыны тасымалдап, Батыстан Шығысқа және Шығыстан Батысқа қарай баратын туристер ағымын көбейтуге ықпал етеді.

 

Дереккөз : baq.kz