Жаһан

Бүгін Қазақстанда тұңғыш рет мемлекеттік қызметшілер күні атап өтілуде

Бүгін Қазақстанда тұңғыш рет мемлекеттік қызметшілер күні атап өтілуде

Бүгін Қазақстанда тұңғыш рет мемлекеттік қызметшілер күні атап өтілуде, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі. 2002 жылдың 20 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 23 маусымды БҰҰ-ның мемлекеттік қызметкері күні деп жариялау қарарын қабылдап, оған мүше әр мемлекетті де осыған байланысты бір күнді белгілеуге шақырды. Қазақстан Республикасы Президентінің өткен жылғы Жарлығымен 23 маусым Мемлекеттік қызметкер күні болып белгіленді. Қазақстанда 90 мыңнан астам адам мемлекеттік қызметте, соның 49 мыңнан астамы әйелдер.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz