Жаңалықтар

Жамбыл облысында "Үздік экскурсовод" байқауы өтті

Жамбыл облысында "Үздік экскурсовод" байқауы өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық музейінің ұйымдастыруымен тұңғыш рет "Үздік экскурсовод" байқауы өтті. Өңірдегі музейлердің, жеке туристік фирмалардың, мәдениет саласының экскурсаводтары бақ сынаған бұл байқауға 12 гид қатысты.  width= Облыстың әлеуметтік-мәдени дамуы аясында музей мамандарының маңыздылығын қоғамға көрсету мақсатында өткізілген шараның бірінші күнінде бақ сынаушылар 7 минуттық виртуалды экскурсия видеоларын қазылар алқасының назарына ұсынды. Одан бөлек, бірнеше қызықты турлардан өткен үміткерлердің көбі 3 тілді еркін меңгергендерін байқатты. Байқау нәтижесі бойынша Бас жүлдені Жамбыл атындағы "Руханият" орталығының экскурсоводы Айніл Әбуәлі , 1-орын "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық- музейінің экскурсоводы Таңшолпан Жүзбаева, 2-орынды Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Жамал Ақпан , 3-орынды осы музейдің қызметкері Жұлдыз Алманқұлова ие болды. Барлық қызметкерлер қаржылай сыйлықтармен және сертификаттармен марапатталды. Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының негізінде өткен игі бастамада жеңімпаз болған қатысушылар әлемдегі атақты мәдени орындар мен музейлерде білікті мамандармен тәжірибе алмасатын болады.