Саясат

«Нұр Отан» партиясының аймақтық қызметкерлерiнiң жалақылары 55 пайызға жоғарылады - Б. Байбек

«Нұр Отан» партиясының аймақтық қызметкерлерiнiң жалақылары 55 пайызға жоғарылады - Б. Байбек

«Нұр Отан» партиясының аймақтық қызметкерлерiнiң жалақылары 55 пайызға жоғарылады. Бұл туралы бүгiн партия Төрағасының бiрiншi орынбасары Бауыржан Байбек мәлiм еттi. «Бiздiң көшбасшының тапсырмасы бойынша, партияның орталық аппараты және жалпы партия Қазақстан азаматтар өздерiнiң түйткiлдерiн «Нұр Отан» арқылы шешуiне жағдай жасау бойынша жұмыстарды атқаруда. Материалдық-техникалық база күшейтiлуде. Барлық аудандарда қоғамдық қабылдау пунктерi ашылған, онда халық өздерiнiң конституциялық құқықтарының тапталған тұста шағымдана алады. Жергiлiктi деңгейдегi партия қызметкерлерiн қолдау маңызды. Бiз бiр жарым жылда олардың жалақысын 55 пайызға жоғарылаттық», - дедi ол ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң «Нұр Отан» партиясы фракциясы төралқасының кеңейтiлген отырысында.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz